Танымал сәйгүлік Кабирхан 3 млрд теңге ұтып алуы мүмкін

28 Ақпан, 11:28 1475

Қазақ сәйгүлігі 1 наурыз күні Дубайда өтетін  G2 Maktoum Classic бәйгесіне қатыспайтын болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жүйріктің жаттықтырушысы Даг Ватсон мен иесі Тілек Мұханбетқалиев осындай шешім шығарып отыр. Кабирхан командасы 30 наурыз күні Дубайда өтетін жүлде қоры 7,5 млн долларды (3 млрд  366 млн тг) құрайтын Әлем кубогына тыңғылықты дайындалуды жөн санады.

Еске салайық, Дубайда жүйрік аттар арасында өткен Al Maktoum Challenge (1-топ) Presented By Longines бәйгесінде қазақтың «Кабирхан» атты сәйгүлігі жеңіске жеткен еді. Ол мәре сызығын бірінші болып кесіп, бас жүлде – 1 миллион долларды жеңіп алды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: