Танымал блогер жерлестеріне үндеу жолдады

Кеше, 06:13 461

Жастар арасында NNN лақап атымен танымал блогер, желіде 5 миллион оқырманы бар Нұрдаулет Бектұрсын полициямен бірге профилактикалық іс-шараға қатысты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жастарға арнайы үндеу жолдады. Блогер жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру — қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

NNN өз сөзінде қазақстандық жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: