Танымал блогер хиджабын шешіп, ел алдына шықты

4 Қаңтар, 11:29 1435

Instagram желісінде bota 070 атымен танымал блогер Ботагөз Балабекова 8 ай киген хиджабын шешіп тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың мамыр айында қара хиджаб киіп, дін туралы жазбаларын жиі жариялайтын. 500 мыңға жуық оқырманы бар танымал қыздың бұл әрекетіне болашақ күйеу жігіті әсер еткені туралы ақпарат таралған. Арада бірнеше айлар өтіп, блогер парақшасында хиджаб кигенге дейінгі сәттеріндей суреттерін бөлісе бастады. Әзірге хиджаб шешуіне не себеп болғаны белгісіз.

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар қазақстандық жұлдыздар арасында хиджаб киіп, дінге жақындығын көрсетуге тырысатындар көбейді. Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жұлдыздарға хиджаб кию үшін ақша ұсынатындар бар екенін жазған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: