Танымал блогер Айжан Байзақова көріпкелдігі барын айтты

1 Ақпан, 16:43 1042

Танымал блогер айжан Байзақова көріпкелдігі барын айтып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде өзінің болашақты болжай алатын қасиетінің арқасында Алматыдағы жер сілкінісін бір ай бұрын білгенін мәлімдеді.

Менің айтқандарым орындалып жатады. Сол үшін де кейде отбасымнан ұрыс естимін. Мысалы, мына бейнежазба 24 желтоқсан күні салынған. Бұл жерде жатар алдында үнемі отбасымды төтенше жағдайдан құтқару жоспарын құратынымды айтып жатырмын. Келесі айда Алматыда жер сілкінді. Бұл «апокалипси» емес. Сонда да  менің ойлағанымдай жағдай болды деп айта аламын, - дейді блогер.

Оның сөзінше, айтқандары қысқа мерзімде орындалып жатады.

Үйімізде көмекшіміз болатын. Соған әзілдеп «ертең келмеймін демеші, сен бізге керексің» дегенімде шынымен ауырып, келе алмай қалған, - дейді ол.

Еске салайық, блогер ұлынан да күейеуін көбірек жақсы көретінін айтқан еді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: