Танымал блогер әйеліне 100 млн теңге тұратын көлік сыйлады

Бүгiн, 16:52 173

Танымал мобилограф Қыран Талапбек жұбайының туған күніне құны 100 миллион теңгеден асатын Mercedes-Benz G-класс көлігін сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлап, тосынсый жасаған сәттің видеосын жариялады. Жазбада Қыран сүйіктісіне берген уәдесін орындағанын атап өткен.

Туған күнің құтты болсын, махаббатым! Кездесіп жүргенде оған 'гелик' сыйлаймын деп уәде бергем. Айттым – орындадым, – деп жазды ол.

Перизат Саденова
Бөлісу: