Танымал әнші Алмас Кішкенбаев қамауға алынды

Кеше, 18:38 2105

Алматы полициясы 17 жастағы жасөспірімнің арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам оған сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Алғашқы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты. Оның мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2007 жылғы бала кешкі тоғыз шамасында үш бөтелке сыраны жеткізу туралы тапсырыс алған. Ол дүкенге кіріп, сыраны алып, тапсырыс берген адамға апарып берген. 

17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыш беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, дейді Михаил Козачков телеграм арнасында

Оқиғаның мән-жайын  ulysmedia.kz тілшісі полициядан сұрап білді. 

Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді, - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: