Танымал америкалық әнші: Қазақстаннан кеткім келмей қалды

17 Мамыр, 12:00 912

Almaty Arena-да аты әлемге әйгілі әнші, The Pussycat Dolls тобының бас вокалисі Николь Шерзингер концертін дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақ жеріне үлкен тур аясында келген әнші қонақүй терезесінен көрінген тауға тамсанып, өз оқырмандарына шыңын қар басқан Алатауды көрсетті.

Айта кету керек, Шерзингердің Instagram әлеуметтік желісінде 6,5 млн оқырманы бар.

Қазақстанға жеткенім жаңа ғана. Уақыт таңғы 5-тер шамасы. Қобалжып тұрмын. Осы жерде тұру – мен үшін үлкен абырой. Шынымды айтсам, Қазақстаннан кеткім келмей қалды! - деп тыңдарманымен ойын бөлісті ол.

Гавайиде дүниеге келген талантты әнші шығармашылық жолын Eden`s Crush тобының мүшесі ретінде бастады. Бірақ оған нағыз танымалдылық The Pussycat Dolls тобының вокалисі болғанда келді. Топ Don’t`cha, Buttons, When I grow up хиттері арқылы тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленген.

Сондай-ақ Николь Эндрю Ллойд Уэббердің Cats мюзиклында басты рөлдердің бірін сомдап, танымал The X Factor телевизиялық шоуының қазылар алқасында төрелік етті.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: