Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын жасырмады

Бүгiн, 07:32 332

Өнер иесі бұл туралы журналист Әйкерім Сейфолламен сұхбат кезіне әңгімелеп берді, деп хабарлайды

Оның сөзінше, туған қызын басқа ұлтқа беру басында қиынға соғып, бірден ақ батасын бермегенін тілге тиек етті. 

Маған басында өте қиындау болды. «Қалай» деп біразға дейін сөйлемей жүрдім. «Неге олай жасады? Өзіміздің де қазақ балалары толып жатыр ғой» деп ойланып жүрдім. Содан кейін жолдасым маған «ертең қызың бұл жігітке тұрмысқа шықпаса, кейін өмір бойы өзіңе ренжіп кетуің мүмкін. Сен толық түсін. Махаббат ол ұлтында емес, махаббат екеуінің бір-бірінде» деді. Ол кезде анам тірі, анама айттым. Анам басында үндемей сосын «Балам, ең бірінші балаңның бақытты болғаны. Сенің балаң бақытты болса, жүрегің тыныш» деді. Содан кейін қызыма «жарайды» деп ақ батамды бердім, - деді Гүлмира Жакилина.

Сондай-ақ ол күйеу баласының ислам дінін қабылдағанын жеткізді. 

«Күйеу балам мұсылмандықты қабылдады, қазір «мама» дейді. «Балам» деймін, қазір қазақша үйреніп жүр. Олар қазір Литвада тұрады. Екеуі сол жақта жұмыс жасайды. Телефонмен сөйлескенде «мама, сәлеметсіз бе! Папа, Ассалаумағалейкум» деп амандасады. «Неге бауыр, неге бауырсақ» деп бәрін сұрайды. Құран кітабын алдырып, соны оқиды. Жазда бардық. Қызымның «мама» деп бақытты болып жүргенін көрдік. Елтайға (*күйеуі) «осыдан артық не керек» деймін. Құдағимен өте жақсымын, екеуміз құрбымыз. Құдалыққа келген кезде бәрі маған ұқсайтынын айтты. Көңілді, жадырап жүретін кісі», - деді ол. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: