Танымал актриса Джейн Биркин өмірден өтті

16 Шілде 2023, 23:40 764

Ағылшын-француз әншісі және актрисасы Джейн Биркин Париждегі өз үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

76 жастағы актриса және Hermès музасы бүгін таңертең көз жұмған.  Ол 2021 жылдың қыркүйегінде инсульт алып, бірнеше концерттен бас тартуға мәжбүр болғаны атап өтілді.

Джейн Биркин өзінің актриса ретіндегі мансабын 60-жылдары Микеланджело Антонионидің "Blow Up" фильмінде ойнаудан бастады. Ол әйгілі Je T'aime... Moi Non Plus әнін орындаған болатын.

Берік Арманов
Бөлісу: