Танымал актер Жахан Отарғалиев белгісіз арумен көзге түсті

Бүгiн, 15:17 262

Танымал актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде бейтаныс арумен видео жариялап, елді ойлантып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары некесі екі рет сәтсіз аяқталған өнер иесінің жеке өмірін қызу талқыға салды.

Жахан Отарғалиев белгісіз бойжеткенмен желідегі танымал трендті түсірмекші болған видеосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Алайда ойлағаны іске аспай қалады.

Оқырмандар актердің өмірінде өзгерістер болып жатқанын болжады. «Сүйкімді қыз екен», «Сүйіктіңіз бе? Қашан таныстырасыз?», «Бақытты болыңыздар. Әдемі ару екен», «Бақытты болуға лайықсыз», - деп жазып жатыр көпшілік қауым.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: