«Рэкитер» сериалындағы Русланның рөлін сомдау арқылы көпшілікке танымал болған қазақстандық актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің әріптестері оның қаржылық қолдауға мұқтаж екенін жазуда.
Актердің өзі де ақпаратты растап, ұйқы безінің қатерлі ісігі анықталғанын алға тартты.
Операция жасауға келмейді екен. Химиотерапияның төрт курсын өттім. Реабилитация өз есебімнен жүреді, - деген актер tengrinews.kz сайтына берген жауабында.
Денсаулығына байланысты актер түсірілімдерден бас тартқан. Қазір отбасының жанында.