Танымал актер Мейірғат Амангелдин ұлды болды

8 Қаңтар, 13:49 1712

Қазақстандық танымал актер Мейірғат Амангелдиннің екінші баласы дүниеге келді. Бұл қуанышты жаңалықпен өнер иесінің жары Арайлым Амангелдина әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арайлым Амангелдина Instagram желісінде күйеуі мен ұлының перзентханада түскен суретін жариялап, сүйінші сұрады.

Сүйінші! 04.01.24 өмірге ұлымыз келді. Ғұмырлы ет, денін сау ет, саналы ет, жаратқан, - деп жазды ол.

Сондай-ақ актердің жары нәрестеге қандай есім бергендерін де айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ᴀᴍᴀɴɢᴇʟᴅɪɴᴀ ᴀʀᴀɪʟʏᴍ ᴀʟᴛʏɴʙᴇᴋᴋʏᴢɪ (@amangeldina_arailym)

Мейірғаттың кинодағы алғашқы рөлі «Қазақ хандығы» филімінен бастау алғанын көбіңіз білесіздер ғой. Сол кезде ұлым болса, Қасымхан қоямын деген ниеті болған. Сол ниеттің қабыл болған бақытты сәті бүгін. Алла сағындырып, арман етіп, баланың қадірін ұғындырып берген ұлымыз – Қасымхан Мейірғатұлы. Үйіне аман-есен келді, - дейді Арайлым Амангелдина.

Еске сала кетсек, Мейірғат Амангелдин мен Арайлым Амангелдинаның ұлынан басқа үйдің тұңғышы, қызы бар.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: