Тамызда самокатқа қатысты заң күшіне енеді

23 Шілде 2023, 22:56 844

Шағын электр көлігі құралдары мен самокаттарды пайдалану ережесі бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді самокат тізгіндейтіндер нені ескеруге тиіс? Электр самокаттардың, шағын электр көлік құралдары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалды. Шағын көлік құралын тізгіндеген жандар жол ережесін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мопед, самокат тізгіндегендер арнайы бас киім мен басқа да қорғаныш киімдерін кию міндетті. 

Әсіресе самокатпен жүрген кезде жылдамдықты қадағалап, жол ережесін сақтау қажет. Бұдан былай 18 жасқа толмаған азаматтарға және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінсіз самокатпен жүруге заңмен тыйым салынады.

Перизат Саденова
Бөлісу: