ТАМШЫНЫҢ ТАРИҚЫ

27 Тамыз 2014, 21:08

өсін керіп, көк теңіз айнадай жарқырайды. Бір топ тамшы күн шуақта жарысып ойнайды, дірілдейді, қалтырайды.

Төсін керіп, көк теңіз айнадай жарқырайды. Бір топ тамшы күн шуақта жарысып ойнайды, дірілдейді, қалтырайды. Ішінде біреуі тым еркелейді. Жолдастарының төбесіне ырғып мінеді, мөлтілдейді. Бір кезде ерке тамшының бұлтқа көтерілгісі келді; биіктен теңіз бен жерге көз жібергісі келді.

Ерке тамшы күнге жалына бастады: «Тілегім бер, жоғары көтер», – деп қақсады. Жарық күнге нəрестенің ерлігі ұнады

–   тамшығақарай сəулелерін қуады. Сəулелер тамшыны қыздырды, қойнына қысты көзге ілінбейтін бу болып, тамшы аспанға ұшты. Жалғыз тамшының жолда іші пысады, сондықтан оның жанына сəулелері тағы жолдастарын қосады.

Ə дегенше тамшылар жоғары көтерілді, бұларды аспанға жел айдап жөнелді. Жел ышқынады, күрсінеді, теңіз үстімен ұйытқып келеді. Тамшылар қызықпен құстан да шапшаң шабады, көзді ашып-жұмғанша талай жерлер артында қалады. Бір кезде теңіз де көзден жоғалады. Ауылдарды, қалаларды, далаларды көріп тамшылар қуанады.

Таңданып көрмеген жерін тамшы қарайды, сүйтіп,күннің батқанын байқамайды, түн болады. Салқын соғады. Енді там- шымыз қайда қорғалайды? Жерге түсіп гүлге орануға ойланады.

Жайлап тамшы төмен ұшады, бір мезгілде будан шығып суға түседі. Сүйтіп, гүл жапырағының үстіне барып жатады, əр-беріден соң сарғайып белден таң атады. Көкжиектен күн көрінеді, қуанып тамшы сəлем береді.

«Жарық күнім, мені ал, – дейді, көтеріп көкке тез бар», – дейді. Тамшы сөзін айтып болмай, бу боп көкке кетті, зулады. Талай жерді дем сəтте алды, тау, тас, дала артта қалды.

Күн бек тыншу, өте ыссы еді. Ерке тамшы жолдаста- рымен жерге түсеміз деді. Бұлар күнге жалынады: «Бізді теңізге жіберсең не ғылады!. Күн бұлардың сөзін тыңдады, нəрестелерді біріне-бірін қосақтап жинады. Енді қара бұлт шығады, қалың тұман ішінде жолдастар біріне-бірі тығылады; ақырында үлкені тамшы болады, тамшылар төмен сорғалады. Нəресте тамшы жерге тырс етіп түседі, түскенінде шуылдап, сылпылдап, сырылдағанын құлақ есітеді. Бірақ адамдар масайрап күліседі: «Жаңбыр жауды» деседі.

Тамшымыз келіп үлкен тасқа соғылады, ырғып түсіп басқа жолдастарымен қосылады. Тамшылар жиылып, сел болады. Сел жиылып, сай толады. Тамшы ілгері аға береді, аралап талай жерді көреді.

Сол кезде қатынға су керек еді, шелек алып өзенге келеді. Шелекпен қатын су алады, тамшымыз шелек ішіне барады. Сумен қатын кір жуып, жайып қойады, күн көтеріліп, тамшымыз тағы бу болады. Бу көзге ілінбей, жоғары шығады. Көкте мұны тағы жел қуады. Көп уақыт тынбай тамшымыз жолаушылайды. Енді күн мұны көпке шейін тыныштандыруға ойлайды.

Жел ойнақтап тамшыны батысқа ала жөнеледі. Тынбай ілгері айдап келеді, тамшы да бірге ұшып кетеді. Бір кезде жалпақ ақ даланың үстінен өтеді. Бұл жеріміз Қазақстан еді. Қыс болып, жер бетін қар басқан еді.

Тамшы қатты тоңа бастайды, тоңып түсі оңа бастайды. Тоңа, тоңа қатайады, жалтырайды, ағарады, жепжеңіл əдемі жұлдыз бола қалады. Түйдек-түйдек ақ жұлдыздар төмен түседі. Адамдар «қар жауды»деседі.

Кішкене жолаушымыз далаға түсті. Қатты ұйқыға кірді суық жел есті – жарты жылдай тамшы ұйқымен болады. Бірте-бірте күн ұзарады, бір кезде жылы жел соғады.

Күн қыздырып, қар еріп, ағады. Қатқан тамшы тағы суға айналады. Тамшылар бірігіп көбейе бастады, сай- саламен жүгіре бастады. Лайланды, шуылдады, бұлдырлады, ақырында жыраға келіп құлады.

Жолшыбай бұларға басқа тамшылар құлайды. Бірте-бірте өзен ұлғайды. Бір кезде бұлар үлкен өзенге жетеді. Алдымен таныс тамшымыз өзенге жүгіріп келіп беріп кетеді.

Ормандар, қалалар, таулар артта қалады, сылдыр қағып тамшылар əлі тынбай жүгіріп барады. Бір кезде көрінбей жер де артта қалады. Өзеннің уақ толқындарына таудай-таудай ашшы толқындар қарсы шығады. Жолаушылап қайтқан балаларын теңіз құшағын жайып қарсы алады, қуанады, күледі; сүйтіп, тамшымыз тағы үйіне қайтып келеді. Көрген-білгенін туғандарына келіп, сөйлейді.

(Аударушы: Телжан)

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Бөлісу: