Ермек Көшербаев премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.
Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.