Тамара Дүйсенова Үкімет басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

2 Қыркүйек 2023, 11:24 1093

Президент Үкімет басшысының орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсенованы тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған Жарлықта. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін бірқатар үкімет мүшелерін қызметінен босатып, бірнеше тағайындау жасаған болатын.

Сондай-ақ, осы тағайындаудан бұрын Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Тамара Дүйсенованың кандидатурасына келісім берді. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Дүйсенова Тамара Босымбекқызының кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: