Тамағын тіліп жіберген: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне кеңсе пышағымен шабуылдады

3 Қараша 2023, 11:55 6463

Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

35 жастағы ер адам жәбірленушінің бұрынғы жігіті болып шықты. Пышақпен шабуылдаған жігіт бойжеткеннің тамағын тіліп жіберген. Зардап шеккен қызға медициналық көмек көрсетілді. Ал ер адам ол полицияға жеткізілген.

Тергеуші істі ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта дәрежелеп, прокурормен келісілді. Тергеуді облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: