«Талибан» 18 жыл бойы Ауғанстанда білім беру жобаларын ұйымдастырып келген ұлыбританиялық ерлі-зайыптыларды ұстады. Бұл туралы егде жастағы жұтың балаларына сілтеме жасай отырып Times мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басылым дерегінше, ақпан айының басында ұсталған Питер мен Барби Рейнольдс Кабулдың бес мектебінде білім беру жобаларын жүргізіп, Бамиан провинциясында балалар арасында коммуникацияны дамыту бағдарламаларын ұйымдастырған. Себебі «Талибанның» әйелдерге жұмыс істеуге және білім беруге тыйым салғанына қарамастан, жергілікті билік бұл тыйымды мойындамайтін көрінеді.
Британиялық ерлі-зайыптының жастары 70-тен асқан.
Times Барби Рейнольдс «Талибаннан» алғыс хат алған алғашқы әйел екен, алайда бұл жайттың өзі оны қамауға алынудан құтқара алмады. Газет ерлі-зайыптының туыстары «Талибан» СІМ-мен байланыста екенін айтады, дегенмен Ұлыбританияның «Талибан» үкіметін мойындамауы және Кабулда елшілігі болмауының салдарынан жағдай күрделеніп отыр.