"Талғарға шығатын жол жабық". Арыстанбек Мұхамедиұлының әпкесі жерді заңсыз иемденіп алған

17 Қазан 2023, 16:29 1814

Тығырыққа тірелген Тұздыбастаулықтар Талғар тас жолына шығу үшін тау-тасты аралауға мәжбүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Жаяу жүрген тұрғындардың өзі бұлай жолдың қасіретін тартса, көлік туралы айту тіптен артық. Сорақысы, қаперімде біреу ауырып қалса жедел жәрдем, өрт шықса сөндірушілер кіре алмайды. Ал, осылай ағашпен жолды жауып тастаған дөкейге жұрттың мұңы қызық емес сыңайлы.

Бұл Арыстанбек Мұхамедиұлының әпкесі деп айтады. Соның туыстары екенін білеміз. Соның себебінен ба жабылып тұр. Бұл жер негізі заңсыз берілген жер деп есептеймін. Өйткені, бұл зират қорғау аймағына кіреді. Жер кодексінде 400 метрге дейін берілмеу керек қой жер. Сосын, мына жерде арық бар. Су қорғау аймағы. Бұл жер кезінде заңсыз берілген. Соған қарамастан тұрғындардың жолын жауып отыр кәдімгідей. Бұл жәй ғана қоршау емес, кәдімгі мал тұратын жер. Әнеу бір шайналған ағаштарға қарағанда, бұл жерде иесі жылқы ұстайды. Жақсы, әйтеуір бір амалын тауып ар жаққа секіріп өткен күннің өзінде де тас жолға шыға алмайсың. Өйткені, ар жағында тағы бір қақпа тұр. Бұл жол негізі шамамен 10 жыл бұрын жабылған дейді. Осы уақытқа дейін жергілікті тұрғындар өзге біреудің учаскесі арқылы өтіп амалдап келіпті. Бірақ, жақында иесі ол жерге бетон құйып бастаған. Осылайша, 10 шақты отбасы тығырыққа тіреліп, қамалып қалып отыр, - дейді Ермұхамед Маралбек.

Тұрғындардың айтуынша, қоршалған жерге биліктегілердің мүддесі бар.

Облысқа жазған. Облыс Талғар әкімдігіне жіберді. Талғардікі Тұздыбастаудың әкіміне жіберді. Бәрі еш өзгеріссіз. Мысалы, мен участок алдым. Сала алмай тұрмын. Еш нәрсе кіре алмайды. Бұл бас жоспармен болып тұр. Ондай заң жоқ қой, егер біреудің артықшылығы бар деген. Бұл жерде біреудің мүддесі бар. Мысалы, басқа бір қарапайым адамдікі болса, баяғыда алып тастайтын еді деп ойлаймын. Жолды жапқан көрші де үйінен шыға қалды. Өзінің Арыстанбек Мұхамедиұлының жездесі екенін мойындап отыр. Жолды ашқысы келмейді. Себебін былай түсіндірді, - дейді Бақытжан Құдайқұлов. 

Ал аудан әкімдігінің қызметкерлері аталған кісінің жерді заңсыз иемденіп алғанын мойындап отыр.

Бұл жерде жалғыз мен көшіп келдім да, қора салдым. Жеке шаруашылық. Сөйтсем, мына жақта бір жігіт бар, бұлар алады да компьютерде мені бұзады мына жерімді. Мына жаққа қарай шығарып жібереді. Мен оны білмеймін. Ана жерге мемлекеттік акті алады. Мына жер бос қалған ғой. Бұл жерді картада жолға кіргізіп жібереді. Жергілікті әкімді таба алмадық. Оқуда екен. Десе де, оның орынбасары шығып, жердің заңсыз басып алынғанын мойындап отыр. Бірақ осы уақытқа дейін не үшін шара қолданбағанын мардымды түсіндіре алмады, - дейді Ерім Алпысбаев. 

Тұздыбастау ауыл округі әкімінің орынбасары Гаухар Билібаева жер инспекциясы тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

Кенесары хан көшесі бойынша бұрынғы бас жоспар бар. Кезінде сол жердің бір тұрғыны жерді бөліп сатқан. Сол сатқан кісі өз аумағын артығымен қоршап, өтететін жолды жауып алған. Соңғы ескертуді ұсындық. Қазір жер инспекциясынан тексеру келіп, айыппұл салады, ескертуін айтады. Егер ол орындалмаса, ары қарай сотқа жүгіну процесі тағы болады, - деді ол.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: