Талғардағы оқиға: Ұлттық ұлан әскері қоғамдық тәртіпті қадағалауға жұмылдырылды

13 Қазан, 23:27 593

ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы Алматы облысы Талғардағы қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалауға жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында. 

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғарда 16 жасар Шерзат Болат бұзақылардың қолынан қаза тапты. Ал 12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірім тұрған үйді әлдекімдер өртеп кетті.

Перизат Саденова
Бөлісу: