Талғарда төрт жігіт 16 жастағы қызды зорлады

23 Қазан, 17:49 4805

Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл оқиға туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Тергеу барысында қазан айының ортасында Тұздыбастау ауылында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған. 

Бойжеткен жаттығу залынан шыққанда оны таныс досы үйіне апаруды ұсынған. Қыз ешнәрседен күдіктенбей, көлікке отыруға келіскен. Ол жерде тағы үш жігіт болған. Содан кейін 16 жастағы жәбірленушіні айдалаға апарып, жігіттердің әрқайсысы онымен жыныстық қатынасқа түскен. Қыздың қарсыласып, жылап жатқанына қарамастан, достары бастаған ісін аяқтаған. Қызды полицияға хабарлассаң, туыстарыңды өлтіреміз деп қорқытқан, – деп жазды журналист Козачков.

Осы оқиғадан кейін қыз өз өмірін қимақ болған. Аталған дерек, Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелді. Бойжеткен ұрып-соғу және зорлау фактісін жоққа шығарып, арыз жазудан бас тартты. Алайда полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: