Талғарда монша мен сарай өртенді

22 Қазан 2023, 00:21 496

Талғар қаласында жер үйлердің бірі өртеніп, монша, сарай мен бастырма отқа оранды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

21 қазан күні сағат 19:06-да Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Талғар қаласына шақырту алды. Олар оқиға орнына келгенде Амангелді көшесінің бойындағы жер үйдің монша, сарай, және бастырмасының жанғанын анықтады. Жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метр.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт 20 сағат 07 минутта оқшауланып, 20 сағат 38 минутта сөндірілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Газ баллонының жарылу фактісі тіркелген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: