Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті

22 Қазан, 10:23 1076

Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол зорлау бойынша күдікке ілінген. Ер адамды ұстау үшін арнайы «Дабыл» жоспары енгізілген.

Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: