Талғарда дәрігерді ұрып, мәйітті ұрлағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

21 Қыркүйек 2023, 09:22 1825

Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күдікті азаматтар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин.

Айта кетейік, Талғарда әкесінің өмірден өткені туралы қайғылы хабарды естігеннен марқұмның ұлдары қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің ресімделуін күтпестен, реанимация бөліміне баса-көктеп кірген, реанимация бөлімінің дәрігері мен меджігітті ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап, оны орталық аурухананың аумағынан медициналық каталкаға салып алып кеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі Талғар аудандық орталық ауруханасында дәрігерлердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: