Талдықорғандағы демалыс аумағында атыс болды

17 Маусым, 08:23 478

Талдықорғанда демалыс аумағында төбелес пен атыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, тәртіпсіздіктердің бір қатысушысы әскери қызметші болған.

Жетісу облысының полиция департаменті де оқиғаға түсініктеме берді.

«Төбелесті бастағандар анықталды, олардың бірі қызметтегі әскери қызметші болып шықты. Бұл факті бойынша тергеу әскери-тергеу басқармасымен жүргізілуде. Қақтығыстың барлық мән-жайлары анықталуда және тексеру жүргізілуде», - деп атап өтті аймақ полициясы.

Зарина Арман
Бөлісу: