Талдықорғандағы Ардагерлер саябағының жері жеке тұлғаларға заңсыз берілген

1 Қазан, 23:45 383

Талдықорған қаласы прокуратурасы бастамасымен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР АШМ ЖРБК Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің Жер кодексін бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, 35,4 гектар аумақты алып жатқан орман қорының жерлері заңсыз түрде жеке меншікке берілген. Жерлер Талдықорған қаласының саябақ аймағында орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер кодексін бұзу фактісі анықталғандықтан, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысын күшін жою туралы шешім шығарды. Аталған жер учаскелерімен байланысты сатып алу-сату, сыйға тарту және мұрагерлік құқығы туралы куәліктің барлығы жарамсыз деп танылды.

Сот шешіміне қарсы жауап берушілер апелляциялық шағым берді. Жетісу облысының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: