Талдықорғанда 14 жастағы қыздың жоғалу дерегіне байланысты, күдікті деп танылған, қыздың туған анасы мен Тиктокта шағым-данған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы Полиция департаменті іске қатысты мән-жайды баяндады.
Күдіктілерге қатысты ,заңсыз тергеу әдістері расталған жоқ. Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген, - делінген ақпаратта.
Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.