Талдықорғанда жас қызға озбырлық көрсеткен адам 20 жылға сотталды

18 Қаңтар 2023, 20:49 1622

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

6 қаңтарда Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жас қызға озбырлық көрсетті деген күдікке ілінген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тергеу амалдары 2022 жылғы тамызда жергілікті тұрғынның арызына сәйкес, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша басталды. Әйел күйеуін өзінің 11 жасар қызына сексуалдық зорлық жасады деп айыптады.

– Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйенің мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қоса тіркелді. Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды, – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: