Талдықорғанда жаңа босанған екі әйелдің өлімі тіркелді

12 Ақпан, 09:45 1056

Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа босанған екі әйелдің өліміне қатысты қызметтік тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы жыл басынан бері Жетісу өңірінде «Облыстық перинаталдық орталық» МКК базасында екі рет ана өлімі тіркелгенін мәлімдеді.

Ведомстводағылар ДСМ-ның «Патологоанатомиялық диагностикамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының 125-бабына сәйкес патологоанатомиялық ашу кез келген жағдайда ана қайтыс болғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілетінін айтты.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары мен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: