Талдықорғанда төрт жасар бала бассейнге батып кетті

2 Тамыз 2023, 12:19 1111

Талдықорған қаласындағы бассейндердің бірінде 4 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қалалық жедел жәрдем бригадасына Талдықорғандағы отбасылық демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге баланың батып кеткені туралы қоңырау келіп түскен.

Оқи отырыңыз:

Шақыру орнына жеткенде ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі таңда Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлерімен тергеу шаралары жүргізілуде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: