«Синтетиканы» ораумен айналысқан 18 жастағы талдықорғандық ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Күдікті Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі α-PVP-пирролидиновалерофеноннің 45 бумасы табылды.
«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 21,19 грамм. Бұл аса ірі мөлшерде деп есептелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі.