Талдықорғанда садақ атудан Қазақстан чемпионаты аяқталды

23 Тамыз, 08:33 459

Талдықорған қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің барлық аймағынан жиналған 200-ге жуық мергендер Жетісу облысында бас қосты. Бұл жарыстан Шымкент қаласының мергендері де тыс қалмады.

Жалпы командалық есепте жарыс қожайындары Жетісу облысы алтыннан алқа тақты.

Екінші орынды Шымқаланың сұрмергендері иеленді.

Үздік үштікті Ақмола облысының мергендері толықтырды.  

Зарина Арман
Бөлісу: