Талдықорғанда қазақ күресінен «Мектеп барысы» анықталды

20 Мамыр, 11:33 756

Талдықорғанда қазақ күресінен тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мектеп барысы» жобасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеті кезеңнен тұратын жобаға барлығы 27 мектептен іріктелген оқушылар қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар жергілікті блогерлермен 4 шақырым жүгіру, суға жүзу, арнайы фитнес залдарында жаттығу және қазақ күресінен шеберлік сабағына қатысып, өзара белдесті.

Шешуші кезеңде Исажан Бақытбек барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, тұңғыш «Мектеп барысы» атанды. Ал 2 орынды ең жас балуан №29 орта мектебінің оқушысы Жасұлан Қоғайбек (13 жаста) иеленсе, үшінші орын №4 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрәлі Мүсәлімге бұйырды.

Суреттер: Талдықорған әкімдігі

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: