Астана күніне орай, Талдықорғанда 98 пәтерлі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорданың 25 жылдық мерейтойы қарасаңында Талдықорғандағы «Бірлік» шағынауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 5, 7, 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
«Талдықорған қаласында 15 мың адам үй кезегінде тұр. Ендігі біздің міндетіміз – кезекте тұрғандардың санын екі есе қысқарту. Ол үшін жылына кемінде 1500-2000 шаршы метр үй беруіміз керек. Осыған дейін кезекке байланысты түсінбеуішілікпен бірге басқа да засыздықар болды. Тұрғындар кезегін цифрлық жүйеге көшірдік. Енді кез келген адам өз кезегін үйінде отырып-ақ бақылай алады. Қуаныштарыңыз ұзаққа созылсын. Осы үйде өніп-өсіп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!» - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев пәтер кілтін табыстау рәсімінде.