Талдықорғанда мас жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен

13 Қыркүйек 2023, 16:38 1541

Талдықорғанда мас жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған қаласының полицейлері мас күйінде жүк көлігімен жол апатына ұшырап, оқиға орнынан жасырынып үлгерген 50 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Жол апаты 12 қыркүйекте облыс орталығындағы көшелердің бірінде ГАЗ-53 пен Honda CR-V көліктерінің қатысуымен болған. Honda CR-V автокөлігінің иесі көліктердің соқтығысуын бейнежазбаға түсіріп, полиция келгенше жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды жібермей ұстауға тырысқан.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлеріне жүргізушінің мас күйінде болғанын мәлімдеген. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері бейнежазбаны зерттеп, көп ұзамай қашып кеткен ГАЗ-53 автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Ол 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Наркологияда куәландырудан өткен ол медициналық көрсеткіштерге сәйкес шынымен де “орта дәрежеде” мас болған. Қазір құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) және 611-бабы (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша жауапқа тартылды, – деп хабарлады Талдықорған қалалық полиция.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің автожолдарында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде автокөлікті басқару кезінде 353 жүргізуші ұсталды. Олардың қатысуымен 11 жол апаты болды, онда 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі жарақат алды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: