Талдықорғанда есірткі сатуға қатысы бар күдікті қолға түсті

17 Маусым 2023, 09:17 487

Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталған.

Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді. Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленді, – деді Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Болат Болысбеков.

Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Асқар Таудай
Бөлісу: