Талдықорғанда еңбек мигрантының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

7 Қараша 2022, 20:23 942

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Полиция қызметкерлері Талдықорғанда құрылыс объектісінде еңбек мигрантының қаза табуы бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды El.kz

6 қараша күні құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапты. 24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап қаза болғаны анықталды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты.

ҚР ҚК-нің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады.

EL.KZ
Бөлісу: