Талдықорғанда екі кісіні аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіге іздеу салынды

9 Қаңтар, 11:45 987

Талыдқорғанда екі адамды қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына сүйенсек, күдікті күдікті 1980 жылы туған. Аты-жөні – Игорь Балан.

Ер адам 5 қаңтарда Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) жасады деген күдікке ілінді, - делінген полиция хабарламасында. 

Ерекшеліктері мойынның сол жағында «сарышаян» түріндегі татуировкасы бар, бір саусағы жоқ.

Облыстық ПД іздеудегі адамның қайда екені туралы мәлімет білетін кез келген адамнан (8-7282) 60-80-66 немесе «102» телефондары арқылы дереу полицияға хабарласуын сұрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: