Талдықорғанда Домбыра күнінде 3 мың адам күй тартады

6 Шілде, 11:17 818

Ұлттық домбыра күні мерекесінде Талдықорған қаласында 3 мың адам бір мезетте домбыра тартады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жастар» саябағында аудандық, қалалық мекемелердің өнерпаздары - барлығы 3 мың адам Инстаграм, Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі мәдениет мекелерінің парақшаларында тікелей эфирге қосылып, Таңатар Алшабековтің «Жетісу күйін» орындайды деп күтіліп отыр. Бұл саябақта өтетін «Үкілі домбыра» атты мәдени іс-шарасы аясында  ұйымдастырылмақ.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметіне қарағанда, Талдықорғандағы мерекелік шараға Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбльдер, өнер үйірмелерінің балалары қатысып, концерттік бағдарлама ұсынады. Мереке аясында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық көркемөнер галереясы және Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханалары кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін ашады. 

Сондай-ақ, облыстың барлық аудандары мен қалаларының орталық алаңдарында домбыра күніне арналған шаралар өткізілетін болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: