Талдықорғанда баланың үстіне қақпа құлады

10 Наурыз, 21:23 794

Алматы облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Талдықорғандағы «Қаратал» шағын ауданында болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімнің алаңда жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, қақпа мүлде бекітілмеген.

Әзірге зардап шеккен баланың жағдайы қандай екені белгісіз.

Зарина Арман
Бөлісу: