Талдықорғанда атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талдықорғанда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шығыс шағын ауданында қару жасырылған орынды тапты. э
Қару-жарақ қоймасы құқық қорғау органдарына келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес анықталды. Сол жерде қарудың тұтас арсеналы – жиналмалы шүйде және екі оқжатарымен бірге Сайга-762 иір ойықты мылтық, 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ 79-8 газ тапаншасы, сонымен қатар сақтандырғышы бар РГД-5 гранатасы және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді.
Дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-да тіркеліп, ол бойынша тергеу баллистикалық сараптама тағайындалуымен қалалық полицияға тапсырылды. Жасырын орыннан табылған қарудың қаңтар айындағы тәртіпсіздікте ұрланған қаруға қатысы бар-жоғы тергеу аясында анықталады.