Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, қайғылы жағдай 3 мамырда Көктал шағын ауданында болған. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына қалып қайтыс болды.
Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, - делінген мәліметте.