«Талдықорған – Өскемен» жолын жөндеу қашан аяқталады

3 Маусым, 18:30 548

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» автожолының қайта жаңару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолдың 58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда 748 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселді. Қайта жаңарудан өтіп жатқан «Талдықорған – Өскемен» автожолы үш облысты қамтиды: Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан. Жоба аясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарлануда. Сонымен қатар жоба аясында санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған.

2023 жылы Талдықорған қаласынан Абай облысына, Қаракөл ауылынан Аягөз және Өскемен қалаларына дейін қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 87,3 шақырым (90 шақырымнан) айналма жолы алынып, 127 шақырымға төменгі қабат төселді. 2024 жылдың басынан бері 35 шақырым асфальтбетон жабыны төселді немесе 45 мың тонна асфальтбетон. Қазіргі таңда қуаттылығы 2,4 мың тонна/сағ-тан асатын 12 асфальтбетон зауыты және 2,3 мың тонна/сағ құрайтын 9 ұсақтап іріктейтін зауыт мобилизацияланып, 861 бірлік техника мен 1312 адам жұмылдырылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі жолда қолайлы және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, жобаны аяқтауды жоспарлануда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: