Талдықорған-Өскемен республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады

25 Маусым, 11:11 630

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының құрылыс барысы мемлекет басшысының ерекше назарында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол еліміздің үш өңірін Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жолдағы құрылыс жұмыстарының барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды.

Жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.

Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: