Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше күн бұрын ауруханаға түсті. Жұмыс уақытында қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі келіп, жұмыстан алып кетті. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, - деді баспасөз хатшысы Мәди Шакенов.
Оның айтуынша, қазір әкім дәрігерлердің бақылауында. Әлі нақты диагноз қойылған жоқ.