Талдыкөлден эвакуацияланған 223 тұрғын Атыраудағы эвакопункте жатыр

18 Мамыр, 17:05 765

Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылынан алдын ала эвакуацияланған 223 тұрғын Атырау қаласындағы АРЕС колледжі базасындағы эвакопункте жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Эвакуациялық пункте орналастырылған тұрғындар арасында 142 бала, 8 жүкті ана және 9 мүмкіндігі шектеулі адам бар.

Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Махамбет ауданында соңғы тәулікте су деңгейі бірден + 8 см көтеріліп, Жайық өзенінің деңгейі 1008 см құрады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: