Талдықорғандағы Достық үйінің құрылғанына қараша айында 10 жыл толды

9 Қараша 2018, 12:20 3222

Алматы облысындағы достықтың киелі шаңырағы – Достық үйі алғаш рет келушілерге есігін 2008 жылдың қараша айында айқара ашты.

2015 жылдың қазанында «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ болып қайта құрылды. Сол сәттен қоғамдағы көтерер жүгі, атқаратын жұмыс ауқымының әлеуметтік-саяси маңыздылығы артты.  

Қазіргі қоғамдағы мемлекеттік біртекті ұлттық саясатты жүзеге асыру басты мақсаты болып табылатын «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» Елбасының, Ассамблея тапсырмалары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін бірталай шараларды ұйымдастырып, атқарады.

Мекеме алғаш ашылған кезде негізінен бұқаралық мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырумен айналысып келсе, қазіргі қызметі Ассамблеяның мемлекеттік ұлттық саясат саласындағы негізгі стратегиялық бағдарламаларына түсінік беру, насихаттау және қоғамдық келісімді сақтау бойынша идеологиялық жұмыс орталығы қызметін атқаруға бағытталып отыр. 

Бүгінде Талдықорған қаласының көрікті орындарының бірі – Қаратал шағын ауданында орналасқан Достық үйінің кең де зәулім ғимаратының бірінші қабаты толықтай әкімшілік жұмыстарды жүргізуге арналған. Мұнда «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» құрылымында жұмыс жасайтын «Әкімшілік-басқару», «Этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторингілеу», «Қоғамдық-көпшілік шараларды және ҚХА-ның құрылымдарымен жұмысты ұйымдастыру», «Рухани жаңғыру», «Ғимаратқа қызмет көрсету бөлімдері» мен этномәдени бірлестіктердің  өкілдеріне арналған кеңселер, заманауи техникамен жабдықталған дыбыс жазу студиясы, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығы, мемлекеттік және этностық тілдерді дамыту кабинеті, мультимедиялық орталық  орналасқан. 

Достық үйі туралы толық материал осы жерде

Бөлісу: