Талдықорғанда патриоттардың облыстық форумы өтті

7 Мамыр 2019, 00:00 4168

Талдықорғандағы Достық үйінің алаңында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен дәстүрлі тәрбиесін жаңғырту мақсатында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы дала қырандары» атты облыстық форум өтті.

Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, «Айбын» ҚХА жанындағы әскери патриоттық клубы, әскерилер, облыстық мектеп, лицей, колледж, университет оқушылары мен студенттері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік форум әскери шеруден басталды. Форум аясында патриоттық, саптық әндер және автоматты бөлшектеу, жинау бойынша байқаулар өтіп, қатысушылар марапатталды.

Бөлісу: