Талдықорғанда халықаралық «Достық» этнофестивалі өтті

22 Сәуір 2019, 00:00 2303

Талдықорғанда «Жаһандағы Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында халықаралық «Достық» этнофестивалі өтті.

Фестиваль Елбасы-Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың екінші жылдығы аясында ұйымдастырылып өткізілді.

Шара барысында шетелден келген қонақтар ұлттық қолөнер көрмесімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Көрме кешенінде Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы  Қазақтың ұлттық қолөнер көрмесін ұйымдастырды: Ат әбзелдірінің көрмесі (ертоқым), жүннен басылып жасалған бұйымдар көрмесі (войлок), домбыра шеберінің көрмесі, тоқыма бұйымдарының көрмесі.

«Достық дастарханы» көрмесінде этномәдение орталықтар өз ұлттық тағамдарын жоғары меймандардың назарына ұсынды.

Бөлісу: