Талдықорғанда Ата Заңға арналған этнобірлестіктер Форумы өтті

5 Қыркүйек 2018, 11:35 1552

 

Талдықорғандағы Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы,  мен «Достық үйі»-Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Конституция күніне арналған «Ата Заңым – елдігімнің айғағы» атты облыстық форум өтті.

Форумда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, облыстық Әділет Департамент,  әскери бөлім мен «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара халқымыздың бірлігі мен достығын нығайтуға және Отан қорғау жолында  елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімімен жалғасты. Сондай – ақ, көрермендер назарына Достық үйі көркемөнерпаздары ұжымының мерекеге арналған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Форумды өткізудегі басты мақсат - этносаралық келісімді нығайту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, бірлікке, Ата Заңымызды қастерлеп, құрметтеуге шақыру.

Бөлісу: